02 шілде 2021 11:57

Мәди Атамқұлов жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© akorda.kz © akorda.kz

Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 


Мәди Атамқұлов Қазақстанның Сербиядағы елшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 

"Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының өкімімен Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Президенті Протоколының бастығы лауазымынан босатылды.

Мәди Атамқұлов 1974 жылы дүниеге келген.

Білімі - жоғары. Қазақ ұлттық техникалық университетін, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Инженер-металлург, халықаралық қатынастар магистрі.

Бірінші сыныпты кеңесші дипломатиялық рангіне ие.

Мемлекеттік емес секторда түрлі лауазымдар атқарды, Сыртқы істер министрлігінде бірінші хатшы, бөлім бастығы, басқарма бастығы, министрліктің Мемлекеттік протокол қызметі Шефінің орынбасары, Мемлекеттік протокол қызметінің Шефі лауазымдарында қызмет етті. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Аппарат басшысының орынбасары болды.

Мерейтойлық үш медальмен марапатталған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети