"Бір тиын да жұмсамадық" - Қазақ әліпбиін құрастырушылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бір тиын да жұмсамадық" - Қазақ әліпбиін құрастырушылар © Tengrinews.kz

Қазақ әліпбиінің бірінші және екінші жобасының авторлары әліпбиге ақша жұмсаған жоқ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында Шаяхметов атындағы Тілдерді дамыту республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әлібидің алғашқы және екінші жобасын құрастыруға бюджеттен бір тиын да алған жоқпыз. Ақша былай жұмсалды - Әлімхан Жүнісбек (А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының профессоры) Алматыға келеді, сол жақтан университет оған іссапар шығынын өтеп береді. Бұл үшін жұмыс тобының бірде-бір қызметкері жалақы алған жоқ", - деді Ербол Тілешов.

Сондай-ақ, ол жаңа әліпбиді құрастыру олардың күнделікті жұмысы екенін және оған ешқандай сыйақы мен қосымша ақша берілмейтінін айтты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Назарбаевқа жаңа латын әліпбиі көрсетілген болатын. "Қазақ тілінің латын қарпіне көшуі орыс тілді азаматтардың құқықтарын, орыс тілі мен басқа да тілдердің мүмкіндіктерін шектемейді. Орыс тілінің кирилл қарпінде қолданылуы өзгеріссіз қалады. Ол бұрынғыдай қызмет атқара беретін болады. Жаңа әліпбиге көшу қазақ тілін меңгеруді жеңілдетеді", - деген еді Президент.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети