Бірнеше елде Instagram-да ақау шықты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше елде Instagram-да ақау шықты Сурет: Тұрар Қазанғапов

Бүгін Instagram әлеуметтік желісінің жұмысында ақау болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polit.ru сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін Instagram әлеуметтік желісінің жұмысында ақау болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polit.ru сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желі қызметіндегі проблемаларға бірқатар елдің пайдаланушылары тап болды. Хабарлар АҚШ, Бразилия, Мексика, Ұлыбритания, Германия, Франция, Нидерланды, Жапония және басқа елдерден Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08.00-ге қарай келіп түсе бастады. Пайдаланушылар негізінен лентасын жаңарта алмағандықтан (38 пайыз), жарияланым жүктей алмай (34 пайыз), сториз қарай алмағандықтан (27 пайыз) шағым айтқан.

Бұған дейін қазақстандықтарға Интернетке қол жеткізу үшін телефонға арнайы қауіпсіздік сертификатын орнату ұсынылған. Сертификат болмаған жағдайда жекелеген интернет-ресурстарға кіруде мәселе туындауы мүмкін екені хабарланған. Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібінің вице-министрі Абылайхан Оспанов қолданушылар сертификатты қалауы бойынша орната алатынын түсіндірген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети