Бірнеше облыста күн құбылмалы - Синоптиктер 17 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты

Камила Долаева
Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірнеше облыста күн құбылмалы - Синоптиктер 17 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты pixabay.com

Қазгидромет синоптиктері 17 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазгидромет синоптиктері 17 тамызда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Республиканың батыс, солтүстік-батыс және оңтүстік өңірлерінде антициклонға байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады. Еліміздің қалған аумағында ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауып, солтүстік-шығыста және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда күн күркірейді. Кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Павлодар, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін.

Түркістан, Алматы және Қызылорда облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-22 метрге дейін жетеді, Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болады.

Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз аптап болады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады, Ақтөбе, Ақмола және Павлодар облыстарының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады

Валюта бағамы

 522.24  course up  611.66  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети