Үкімет отырысы барысында ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ауылдық жерлерді сумен қамту саласы бойынша бірқатар мәселелердің алдағы шешім жолдарын мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.
"Біріншіден, елді мекендердегі су каналы басқармасын оңтайландыру үшін, топтық су тартқышқа "біріктіру" үшін олардың "Қазсушар" РМК бірыңғай басқармасына жіберілген хабарламасын қайта қарау ұсынылып отыр. Екіншіден, "жекеленген" су каналдарының шығынын оңтайландыру мақсатында сумен жабдықтау операторларын кеңейту мүмкіндігін қарастыру ұсынылады. Оның қатарында ауылдық су каналдарын неғұрлым ірілеулеріне жалғау қарастырылды. Үшіншіден, "Ақ бұлақ" бағдарламасында қарастырылған, алайда жүзеге асырылмаған жүйелік және кешендік амалдарының принциптерін қайта қолға алу маңызды деп есептейміз", - деді министр.

Қуандық Бишімбаев осы жұмыс аясында ауылдық жерлерді олардың алшақтығы, халқының саны және экономикалық сәйкестігі бойынша орталықтандырылған су жүйесімен қамтамасыз ету өлшемдерін қайта қарау ұсынылып отырғанын атап өтті.
Сонымен қатар, ҚР ұлттық экономика министрі "Ақ бұлақ" бағдарламасын жүзеге асыру арқылы қазақстандықтардың орталықтандырылған сумен қамтылуға қолжетімділігі артқанын айта кетті.
"2011-2015 жылдар аралығында "Ақ бұлақ" бағдарламасының жүзеге асырылу кезеңінде халықтың орталықтандырылған сумен қамтылуға қолжетімділігі қалаларда 87 пайызға дейін, орталықтандырылған су бұруға қолжетімділігі 82 пайызға дейін артты. Барлығы бағдарлама аясында қалалар мен ауылдарда сумен қамту және су бұру салаларында 1 493 жоба жүзеге асырылды", - деп мәлімдеді министр.
Бишімбаев сондай-ақ биыл "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы және Өңірлерді дамыту бағдарламасы бойынша 75 жобаны жүзеге асыру үшін 62,1 миллиард теңге бөлінгенін, 2017 жылы 153 жобаны жүзеге асыруға 53 миллиард теңге қарастырылғанын айтып өтті.
Министр сумен қамту жүйесін дамытуға бюджеттен тыс қаражат тарту бойынша тетіктер табысты жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді. Бүгінде ҚР-да халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.
Үкімет отырысы кезінде Қуандық Бишімбаев облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамту саласында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік қағидатын енгізуді ұсынды.
"Облыс орталықтары мен ірі қалаларды сумен қамтамасыз ету мәселесін шешу үшін аймақтық су арналарын бірыңғай операторға беруді қарастыру ұсынылады, бұл оператор тәжірибелі әрі білімді техникалық серіктесімен бірлесіп басқаруды жүзеге асырады. Сондай-ақ, "Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік туралы" Заңмен қарастырылған тетіктері арқылы шығындары өтелетін, инвестициялық мүмкіндіктері бар жекеменшік серіктесті тартуды жөн санаймыз", - деп хабарлады Қуандық Бишімбаев.
Министрдің айтуынша, жекелеген су арнасының ерекшеліктеріне орай инвестициялық шығындарды қайтарудың тиімді тетігін әзірлеу қажет, соның ішінде тариф арқылы төлеу, инвестициялық шығындарды тікелей өтеу және мемлекет көмекқаржысы арқылы өтеу.
Айта кетейік, ҚР инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысы барысында еліміздің елді мекендерін сумен қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты.
Министр іздеу-барлау жұмыстары елді мекендерді жерасты сулары қорларымен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқанын хабарлады. 2002-2010 жылдарға арналған "Ауыз су" бағдарламасы аясында 576 ауылға іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді.
"2012-2015 жылдары 1 301 ауылға іздеу-барлау жұмыстары жүргізілді, сонымен қатар пайдалану мерзімінің аяқталуына байланысты 105 су көзіне қорлар қайта бекітілді. 2016 жылы 480 ауыл жұмыстары аяқталып, 35 су көзінің қорлары қайта бекітіледі. Жергілікті атқарушы органдар жұмыстарды аяқтаған соң Инвестициялар және даму министрлігіне жерасты суларының қорларын бекіту үшін есеп беретін болады. 2017 жылдан бастап іздеу-барлау жұмыстарын жүргізуге қажетті қаражат жалпы сипаттағы трансферт түрінде тікелей жергілікті атқарушы органдарға жіберіледі", - деді Жеңіс Қасымбек.