Бишімбаев алимент төлеуден бас тарта ала ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев алимент төлеуден бас тарта ала ма? Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден толығымен бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қахарман Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден толығымен бас тартқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында заңгер Данияр Байғабатов Бишімбаев алимент төлеуден бас тарта алатынын жеткізді. Алайда мұның заңды түрде ешқандай мәні жоқ.

"Бас тарту - оның құқығы. Бірақ заң бойынша алимент төлеу міндеті бәрібір де сақталады. Егер Қуандық Бишімбаев алиментті өз еркімен төлемесе, сот орындаушылары мәжбүрлеп өндіріп алады. Ол жұмысқа тұрмаса, клиенттер (бұл жағдайда бұрынғы жұбайы Назым Қахарман) жалақыдан ғана емес, оған тиесілі мүліктен де алимент өндіріп ала алады", - деп түсіндірді маман.

Заңгер ата-ана құқығынан бас тарту ата-ана ретіндегі міндетін орындаудан бас тарту дегенді білдірмейтінін айтты.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаевтың отбасы балаларға алимент төлеуден бас тартқаны хабарланды.

Назым Қахарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болды. Ерлі-зайыпты 2020 жылы ажырасқан еді. Олардың үш баласы бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети