Бишімбаев алқабилерден бұрын министр болғанын ұмытуды сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев алқабилерден бұрын министр болғанын ұмытуды сұрады © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Сотта соңғы сөзін сөйлеген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев алқабилерден бұрын лауазымды қызметтерді атқарғанын ұмытуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотта соңғы сөзін сөйлеген бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев алқабилерден бұрын лауазымды қызметтерді атқарғанын ұмытуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алқабилер алдында сөйлеген сөзінде Бишімбаев "тағдыры мен өмірі олардың шешіміне байланысты болады" деді.

"Сіздерге таңылған теріс пікірге байланбаңыздар. Бұрын кім болғаным маңызды емес, қандай лауазымдарда отырғаным маңызды емес. Мен де қарапайым адаммын және бейтарап және объектив сот үкіміне лайықпын", - деді сотталушы.

Сондай-ақ, ол "қатты өкінетінін" және "жазаға дайын" ​​екенін айтты.

"Мен жазамды өтеуге дайынмын. Бұл жазам болады деп үміттенемін, бұл жаза менің күнәмнің өтеуі болса екен деп әр жолы Алладан дұға тілеймін. Өйткені мен бұл үшін күн сайын өкінемін. Қатты өкінемін. Бұлай болғаны үшін өзімді қаншалықты кінәлайтынымды елестету мүмкін емес. Сіздерден тағы да сұраймын: әділ болсаңыздар", - деп қосты сотталушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.12  course down  603.32  course up  6.44  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети