Бишімбаев баланы қағып өлтіргені рас па? ІІМ-нің ресми жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев баланы қағып өлтіргені рас па? ІІМ-нің ресми жауабы © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың анасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баланы қағып өлтірді деген сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігі Салтанат Нүкенованың анасының бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев баланы қағып өлтірді деген сөзіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінген Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесінде жәбірленушінің анасы айыпталушыны бұған дейін де қылмыс жасады деп мәлімдеген болатын.

"Өткенің туралы айтқың келмей ме? Баланы қалай қағып өлтіргенің туралы", - деді ол сотта.

Tengrinews.kz тілшісі бұл мәлімдеменің анық-қанығын білу үшін ІІМ-ге ресми сауал жолдады. Ведомствоның ресми жауабында Қуандық Бишімбаевты қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы ақпарат жоқ екені айтылған.

"Бұл адамға қатысты қылмыстық қудалау және оны қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәлімет жоқ екенін хабарлаймыз", - делінген ІІМ жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети