Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр? ІІМ жауабы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатыр? ІІМ жауабы

Ішкі істер министрінің орынбасары – Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) төрағасы Абай Қайырбеков бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қалай өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Абай Қайырбековтің айтуынша, Бишімбаев қазір түзеу мекемесінде "басқа сотталғандармен тең жағдайда" жазасын өтеп жатыр.

"Бишімбаев қылмыстық-атқару заңнамасының барлық талабына сәйкес, басқа сотталғандармен бірдей және тең жағдайда жазасын өтеп жатыр", — деді ҚАЖК басшысы.

Бишімбаевтың жұмысқа орналасуы және еңбекақысы туралы сұраққа министрдің орынбасары бұл ақпараттың жеке деректерге жататынын атап өтті.

Сондай-ақ журналистер экс-министрдің жеке камерада отырған-отырмағанын сұрады.

"Жаңа айтқанымдай, ол жалпы негізде, басқа сотталғандармен бірге жазасын өтеп жатыр. Бұл сотталғанға қандай да бір ерекше жағдай, жеңілдік немесе талаптар қарастырылмаған", — деді Қайырбеков.

Еске сала кетейік, былтыр 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты ісі бойынша сот процесі аяқталды. Ұлттық экономика министрі қызметін атқарған Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети