Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатыр? ҚАЖК жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев жазасын қайда өтеп жатыр? ҚАЖК жауабы Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов. Бишімбаев жазасын өтеп жатқан Ақмола облысы бойынша ҚАЖД № 5 мекемесінің архив суреті

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қай жерде өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев жазасын қай жерде өтеп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түзеу инспекциясы өкілдері адвокат Жанна Оразбақованың Қуандық Бишімбаевтың жазасын өтеп жатқан жеріне қатысты сауалына жауап берді. Заңгер департаменттің жауабын Instagram-әлеуметтік желісінде жариялады.

"Қазір сотталған Қ. Бишімбаев Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №5 мекемесінде жазасын өтеп жатыр (мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногор қаласы, 7-өндірістік аймақ, 14 А корпусы)", - делінген жауапта.

Карта 2Gis

Қуандық Бишімбаев жазасын өтеп жатқан №5 мекеме

Айта кетейік, бұл колония Астанадан үш сағаттық жерде орналасқан.

Еске салайық, бұған дейін желіде Бишімбаевтың қазақстандық колониялардан табылмағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бірқатар журналист ол жазасын Степногорск немесе Аршалыда өтеп жатқан болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бұл деректерді растай алмады. Кейінірек Telegram-арналары оның түзеу мекемесінен қашып кеткенін жаза бастады.

ҚАЖК бұл ақпаратты "шындыққа жанаспайды" деп жоққа шығарды. Кейін олар Бишімбаев отырған колонияны атаудан бас тартқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети