15 қазан 2016 | 10:57

Бишімбаев: Қазақстан экономиканың өсуін қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктерді пайдаланады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тау-кен саласы енді  Қазақстан экономикасы үшін өсу драйвері бола алмайды деп есептейді. Ол Үкіметтің жеке инвестицияларды тарту, банк секторын сауықтыру мен жекешелендіруді табысты өткізуге назар аударуы керектігіне сенімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев тау-кен саласы енді  Қазақстан экономикасы үшін өсу драйвері бола алмайды деп есептейді. Ол Үкіметтің жеке инвестицияларды тарту, банк секторын сауықтыру мен жекешелендіруді табысты өткізуге назар аударуы керектігіне сенімді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

"Базалық сценарийде көрсетілген, бес жыл ішінде 2,5 пайызға өсу - бұл алдағы жылдары  тау-кен саласы бере алатыны. Ол бүгінгі әл-ауқат деңгейін  (халықтың өсуін ескере келе)  қолдай алады, бірақ, енді өсу драйвері бола алмайды. Бұл Қазақстан үшін өте аз және бізді әрине, қанағаттыра алмайды. Бұл консервативтік болжам, ол біз  бес жыл ішінде орташа есеппен 5 пайыз деңгейге шығу үшін іске асыруға жоспарлап отырған  шараларды  көрсетпейді", - деді Бишімбаев Forbes Kazakhstan-ға берген сұхбатында.

Министр "экономикаға инвестицияларды жеке көздерден жандандыру белсендіру" қажет екеніне сенімді. "Сегіз ай қорытындысы бойынша экономикаға салынған жеке инвестициялар ЖІӨ-ге қатысты 4,6 пайызды құрады. Біз жылына 10 пайыз өскенде, олар  ЖІӨ-ден 30 пайызға асқан,  яғни жеке инвестициялардың дағдарысқа дейінгі кезеңмен салыстырғандағы  экономика мөлшеріне қатысты  алты есеге төмендеген. Мақсат - бұл көрсеткішті  ең болмаса ЖІӨ - ден  10 пайыздан15 пайызға дейін  өсіру"» - деді Бишімбаев.

Ол сондай-ақ қазақстандық активтердің шетел инвесторларымен қатар ішкі инвесторлар тарапынан да қызығушылық тудырғанын атап өтті. "Мұнай бағасы бұрынғыша барреліне 100 доллар болады деп күтілген артық үміт сейілгенде, қазақстандық активтер өзінің қазіргі бағасына келді. Бірінші жартыжылдық ішінде шетел инвестицияларының түсімі бес есеге жуық өсті – өткен жылы  $1,2 миллиардтан $5,7 миллиардқа дейін. Тек халықаралық даму институттарынан (мысалы, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі үкіметтің қатысуынсыз бизнеспен тікелей жұмыс жасайды) шағын орта бизнес үшін $400 миллионға жуық кредиттік желі тартылды", - деп хабарлады Бишімбаев.

Оның ойынша, маңызды аспект мөлшерлемені төмендету бойынша жұмыс болып табылады. "Бұл бізді инфляцияны төмендетуге міндеттейді, ол енді инвестицияларды ынталандыру үшін негізгі көрсеткіш. Бұл банк жүйесінің "нашар қарыздар" проблемасымен тығыз айналасудан бөлек. Бұған дейінгі әрекеттерден әзірге нәтиже жоқ, қазір Ұлттық Банк нақты іс-қимылдар жоспарын әзірлеу үстінде", -деді министр.

Ол, сонымен қатар, экономикалық өсуді ынталандыру үшін тек қана жаңа инвестицияларды тартып қоймай, инвестицияланған қаражатты да пайдалану қажет екенін атап өтті.

"Ұлттық компаниялар үнемі тиімді емес. Бұдан басқа олар білім беруге, әлеуметтік салаға, инфрақұрылымды дамытуға бағыттауға болатын мемлекеттік ресурстарды тежейді. Біз экономикада мемлекеттің үлесін төмендетуіміз тиіс. Мерзім бойынша бірінші тізімдегі "Самұрық-Қазына" компаниялары үшін Астана халықаралық қаржы орталығы биржасы іске қосылатын 2017 жылғы екінші жартыжылдық болуы мүмкін", - деп қорытындылады министр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети