Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев кінәсін мойындаудан бас тартты Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаев өз кінәсін мойындаудан бас тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Айыптаудың мәні түсінікті. Мен кінәні мойындамаймын", - деді Бишімбаев бүгін өтіп жатқан алдын ала тыңдау барысында.

Сондай-ақ, Бишімбаев өз ісін ашық процесте БАҚ қатыса алатын алқабилер соты қарағанын қалайтынын айтты.

Айта кетейік, 16 қаңтарда айыпталушыға тағы бір қылмыстық бап – "Қинау" (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Кейін "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" - 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.6  course down  604.8  course up  6.56  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети