Бишімбаев миллиард теңге жымқырған - Ұлттық бюро

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев миллиард теңге жымқырған - Ұлттық бюро

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы өкілдері "Бәйтерек ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаевтың Қызылорда қаласындағы шыны зауытының құрылысына бөлінген 1 миллиард теңге қаражатты жымқырғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бәйтерек ҰБХ" Басқарма төрағасы Қуандық Бишімбаев Қызылорда қаласында табақ шыны өндіру және қайта өңдеу зауытының құрылысында "Orda Glass" ЖШС және оның мердігер ұйымы "Шымкентхиммонтаж" ЖШС арқылы 1 миллиард теңге жымқыру бойынша қылмыстық жоспар құрған. Қылмыстық жоспарға осы аталған ұйымдардың жетекшілері Д.Ибрашев , Ж.Исабек және М.Кожабаев тартылған", - делінген хабарламада.

Жымқырылған қаражат, ұлттық бюродағылардың айтуынша, "Завод строительных металлоконструкций" ЖШС үлестес компаниясы арқылы тамақтануға және жұмысшылардың жатын орнына деп қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Осы көрсетілген сомадан Қуандық Бишімбаев жеке өзі 2 миллион АҚШ долларын сыйбайласы - інісі С.Нұрлыбектен алған делінеді.

Айта кетейік, Бишімбаевтың ұсталғаны жайлы 2017 жылдың 10 қаңтарында белгілі болған еді. "Бишімбаев топ болып, алдын ала келісім жасау арқылы аса ірі көлемде бірнеше рет пара алып отырған. Заңсыз алған қаражатты Бишімбаев өз қажетіне жаратқан", - деп хабарлаған еді Антикоррупция қызметінің өкілдері.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети