04 сәуір 2024 18:07

Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған "Гастро-орталық" кімге тиесілі екенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Асель Сатаева Фото ©️ Tengrinews.kz / Асель Сатаева

Бүгін сотта әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев қылмыс болған "Гастро-орталық" кімге тиесілі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін сотта әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылып отырған экс-министр Қуандық Бишімбаев қылмыс болған "Гастро-орталық" кімге тиесілі екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Зардап шеккен тараптың мүддесін қорғаған адвокат Жанна Уразбахова Бишімбаевтан қылмыс болған мейрамханаға қатысы бар-жоғын сұрады.

"Айтыңызшы, Bau мейрамханасы - сіздің оған қандай қатысыңыз бар? Бұл мейрамхана сізге тиесілі ме, әлде қандай жолмен?" - деп сұрады қорғаушы.

"Иә, мен бұл мейрамхананы басқарамын және иесімін", - деп жауап берді Бишімбаев.

Сондай-ақ, адвокат Бишімбаевтан осы мейрамхана орналасқан "Гастро-орталық" өзіне тиесілі ме екенін сұрады.

"Бұл кәсіпорынның бір акциясы менің анама тиесілі. Онда бірнеше серіктес бар. Солардың бірі менің анам", - деді сотталушы.

"Яғни, қылмыс сіздің мейрамханаңызда болды деп айта аламыз ба?", - деп сұрады Уразбахова.

"Иә. Солай айтылып та жүр. Менің ойымша, барлық жерде осылай жазып жүр", - деді Бишімбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети