Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні оны неге видеоға түсіргенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев Нүкенова қайтыс болған күні оны неге видеоға түсіргенін айтты © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Қуандық Бишімбаев сотта неге Салтанат Нүкенованы балағаттап, интим сипаттағы сұрақтар қойғанын видеоға түсіргенін түсіндірді. Бүгін бұл видеолар оның ұялы телефонынан табылып, сотқа қатысушы тараптарға көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Бишімбаев сотта неге Салтанат Нүкенованы балағаттап, интим сипаттағы сұрақтар қойғанын видеоға түсіргенін түсіндірді. Бүгін бұл видеолар оның ұялы телефонынан табылып, сотқа қатысушы тараптарға көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл видеолар 9 қарашада, яғни Салтанат Нүкенова қайтыс болған күні түсірілген. Бастапқыда Бишімбаев оларды "монтаж" деп атаған болатын, кейін оны өз түсіргенін мойындады. Судья одан не үшін бұлай істегенін сұрағанда, айыпталушы "қорлауына қорлаумен жауап бергісі келгенін" айтты.

Мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова өз кезегінде Нүкенованың беті қан болғанына, соңғы бейнематериалдарда көздері ісіп, тіпті аша алмай қалғанына назар аударды. Бұған жауап ретінде Бишімбаев сол сәтте оған өлім қаупі төнгенін байқамағанын айтуды жалғастырды.

"Мен өлімге әкелетін қаупті көрмедім, оған бірдеңе болуы мүмкін деп ойламадым", - деді ол сотта.

Еске салайық, бұған дейін Қуандық Бишімбаев телефонына түсірілген видеоны "монтаж" деп атаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети