05 қазан 2016 | 10:35

Бишімбаев: "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан экономикасы өсімінің негізгі қозғаушы күшіне айналды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Нұрлы жол" мемлекеттік инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы соңғы жылдар ішінде Қазақстанның экономикалық өсімінің және жұмыспен қамтудың негізгі локомотивтерінің біріне айналды. Бұл туралы Үкімет отырысы кезінде ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті, - деп хабарлайды премьер-министрдің сайты.
 
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы экономикалық өсім мен жұмыспен қамтудың негізгі қозғаушы күштерінің біріне айналды. Мәселен, 2015 жылы мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылу тиімділігі ЖІӨ өсімінде 1,3пайызды құрады, ал ағымдағы жылы 1,2 пайыз деңгейінде бағаланып отыр. 2016 жылы Ұлттық қордан бағдарламаны жүзеге асыруға 769,6 миллиард теңге бөлінген, оның ішінде 503,4 миллиард теңге мақсатты трансферттер түрінде республикалық бюджетке және 266,2 миллиард теңге ұлттық холдингтердің облигациялық займдары арқылы қарастырылған", - деп хабарлады Бишімбаев.

Иконка комментария блок соц сети

Министр қаржыландыру жоспарына сәйкес, мақсатты трансферттер бойынша 331 миллиард теңгеден бюджеттік бағдарламалар әкімшілері 323,6 миллиард теңгені немесе 98 пайызын игергенін атап өтті. Облигациялық займдар бойынша 2016 жылға қарастырылған 266,2 миллиард теңгеден 210,7 миллиард теңге сомасына келісімшарттар жасалып, 84,7 миллиард теңгесі игерілген.

"Жалпы, мемлекеттік бағдарлама бойынша 408,3 миллиард теңге немесе жылдық жоспардың 53 пайызы игерілді", - деп атап өтті Қуандық Бишімбаев.

Сонымен қатар, ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында биыл "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша 43 білім беру нысаны пайдалануға берілгенін, тағы 10 нысан жыл соңына дейін енгізілетінін хабарлады.
 
"Мемлекет басшысы 2018 жылға қарай үш ауысымды мектептерді жойып, апатты мектептер санын төмендетіп, 2020 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды тапсырған еді. 2015-2016 жылдар аралығында 96 білім беру нысанын салу үшін 77 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді, оған 77 мектеп пен 19 балабақша салынды. Осы мақсаттарға биыл 57,9 миллиард теңге қарастырылған, жергілікті атқарушы органдарға 38 миллиард теңге аударылды, оның ішінде 34,8 млрд теңгесі немесе қаржыландыру жоспарынан 92 пайызы игерілді", - деп ақпараттандырды Бишімбаев.

Министр Ақмола, Қостанай, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкімдіктері қаражатты толық көлемде игергенін жеткізді.

"Жалпы, бүгінде 43 білім беру нысаны пайдалануға берілді, оның ішінде 29 мектеп пен 14 балабақша бар. Жыл соңына дейін тағы 6 мектеп пен 4 балабақша пайдалануға беріледі", - деп нақтылады Бишімбаев.

Сондай-ақ, ҚР ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Үкімет отырысы барысында осы жылдың соңына дейін "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында 920 шақырым автожолдың құрылысы аяқталатынын мәлімдеді.
 
"Астананы шұғылалы қағида бойынша өңірлермен байланыстыратын тиімді өңіраралық жол желісін құру үшін 2015-2020 жылдар аралығында мемлекеттік бағдарлама аясында 6,7 мың шақырымнан астам автомобиль жолы салынып, қайта жөндеуден өтеді. Осылайша, 2015-2016 жылдары автомобиль жолдарының құрылысына және қайта жөндеуге 329,3 миллиард теңге бөлінді. 2015 жылға арналған қаржы толықтай игеріліп, 456 шақырым автомобиль жолының салынуына және қайта жөндеуден өткізілуіне мүмкіндік берді. Биыл 1 мың шақырымнан астам автожол жол-құрылысының жұмыстары қамтылды. Жыл соңына дейін барлық көздер есебінен 920 км автожолдың құрылысы аяқталады", - деді Бишімбаев.

Сонымен қатар, министр 2020 жылға қарай транзиттік әлеуетті жылына 25 миллионнан 88 миллион тоннаға дейін арттыру үшін 2015-2016 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама аясында 95,2 миллиард теңге бөлінгенін мәлімдеді. Бұл қаржы Боржақты-Ерсай және Алматы-Шу темір жол желісінің, Құрық паромдық портының өткеліне және Астана әуежайының құрылысына бағытталады.

"Осы жылға арналған қаржы толықтай тиісті квазимемлекеттік сектор компанияларының қарамағында, онда 34,8 миллиард теңге игерілді. Қалған қаржы жыл соңына дейін толық игерілетін болады", - деді Бишімбаев.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети