Бүгін Салтанат Нүкенованың өмірден өткеніне 40 күн толды. Бұл туралы адвокат Жанна Уразбахова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Салтанат Нүкенованың өмірден өткеніне 40 күн толды. Бұл туралы адвокат Жанна Уразбахова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, осы уақытқа дейін Салтанаттың ағасы Айтбекпен тәулік бойы хабарласып тұрған.
"Біз Салтанаттың ағасымен бірден тіл табысып кеттік. Ол өзінің қайғысына қарамастан, еріктілерімен бірге қазір өмірлік қиын жағдайға тап болған көптеген әйелдерге көмектесіп жатқанын бәріңіз білесіздер. Кейде олардың өмірін сақтап қалады. Бұған дейін біз бұл іс бойынша түсініктеме бермедік, әріптесім Игорь Вранчев екеуміз өз жұмысымызды атқардық", - деді ол.
Адвокат осы уақыт аралығында таралған қауесеттер мен пікірлерге байланысты бірде-бір пікір, түсініктеме бермегенін айтты.
"Олар арыз жазып, анықтама беріп, тергеу амалдарын жүргізді. Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратура өкілдері өз брифингінде журналистерге ақпарат берді, біз бұл туралы түсініктеме бермедік. Сондай-ақ, алғашқы күннен-ақ кейбір блогерлер мен журналистер тарапынан көптеген қауесеттер, болжамдар мен нұсқалар орын алғанына қатысты пікір білдірмедік. Салтанат үшін мұндай "лас істердің" ешқайсысына мән бермейміз", - деді ол.
Сондай-ақ, екі ортада татуласу болмайтынын атап өтті.
"Маңыздысы - екі ортада ешқандай татуласу болмаған және болмайды да. Бұл - Салтанаттың отбасының ұстанымы. Осы іске қатысты ұстанымдарыңыз үшін көпшілікке және журналистерге алғысымды білдіремін. Бірінші күннен-ақ мемлекеттік қызметкерлерді босаңсуға жол бермей, петицияға қол қойып, Салтанаттың суретімен дүние жүзіндегі митингілерге шығып, әділ сот, сапалы тергеуді талап еттіңіздер. Сіздердің әрбір әңгімеңіз, Салтанат туралы жазылған әрбір жазбаңыз маңызды екенін атап өткім келеді", - деді ол.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!