Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша айыптаушы тарапта болған прокурор Айжан Аймағанова Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша ойын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айжан Аймағанова Instagram-парақшасында осы іске қатысты сұрақтар көп түсетінін айтып, қайғылы оқиғаға қатысты ойын айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
"Біздің жазбаның астына және айдарымызға сіздерден Шерзаттың ісі бойынша көп сұрақтар түсіп жатыр. Әрине, мен де Шерзаттың ісіне алаңдаймын, бұл іс менің де жүрегімді қозғады, бірақ - бәрі заңға сәйкес болады. Біз бір қағиданы түсіну керекпіз: әрбіреуіміз өз орнымызда еңбектенуіміз керек, өз жұмысымызды адал атқару ол міндет. Мен сенімдімін, Алматы облыстағы менің әріптестерім өз жұмысың адал атқарып жатыр", - деп жазды Аймағанова.
Еске салайық, 4 қазанға қараған түні Талғарда жасөспірім айуандықпен өлтірілген. 16 жастағы Шерзат Болат дүкенде әкесіне көмектесіп жүрген, осы кезде тұтынушымен жанжал басталған. Сатып алушы достарына телефон соғып, олар келіп Шерзатты пышақтап, басына мылтықпен ұрған. Жанжал кезінде Шерзаттың әкесі, ағасы да соққыға жығылған. Шерзат Болатты әкесі ауруханаға жеткізген, бірақ оны құтқару мүмкін болмады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!