Бишімбаев ісі бойынша судья қорқытуларға байланысты қорғауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев ісі бойынша судья қорқытуларға байланысты қорғауға алынды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев ісі бойынша судьяны белгісіз біреулер қорқытқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғарғы Сот Бишімбаев пен Байжановтың ісі бойынша келесіні хабарлайды.

"Астана Полиция департаменті судья А.Құлбаеваға қатысты қорқыту дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Судьяның ұялы телефонына белгісіз нөмірден қоңыраулар мен қорқыту хабарламалары түскен", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 407-бабының 1-бөлігі ("Сот төрелiгiн жүзеге асыруға кедергi жасау мақсатында соттың қызметiне араласу") бойынша соталды Іс жүргізу басталғаны айтылды. Судья, жеке қауіпсіздік шараларымен қамтамасыз етілген.

"Сонымен қатар, интернет кеңістігінде жүргізілген мониторинг барысында судьяға қатысты қылмыстық құқық бұзушылық іс-әрекеттері бар көптеген жағымсыз жарияланымдар анықталды.

Тексеру іс-шараларының нәтижелері бойынша тергеу органы Қылмыстық кодекстің 411-бабының 1-бөлігі ("Судьяға жала жабу") бойынша қылмыстық іс қозғады. Жоғарғы сот Заң кез келген адамға сот төрелігін жүзеге асыру процесіне, оның ішінде судьяның атына жала жабу немесе қорқыту сипатындағы материалдарды жариялау жолымен, ықпал етуге тыйым салатынын ескерттті.".

Сот билігінің беделін түсіретін әрекеттердің жолы кесілетіні айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети