Бишімбаев ісі: полиция мейрамханадағы видеоларды тәркіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев ісі: полиция мейрамханадағы видеоларды тәркіледі Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана Полиция департаменті бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі өлтірілген Bau мейрамханасындағы бейнебақылау камераларынан видеоларды алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаменті кісі өлтіру дерегі бойынша тергеуді жалғастырып жатыр.

"Қазір тергеу органдары қызмет көрсетуші персонал мен жасалған аса ауыр қылмыстың мән-жайын білуі мүмкін басқа да адамдардан жауап алу кезінде деректерге тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ, оқиға орнынан тиісті зерттеулер тағайындалған бейнематериалдар алынды. Тергеу жалғасып жатыр, тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін экс-министр Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілінгені хабарланды. Кейін ол қамауға алынды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети