Бишімбаев ісіне қатысты “100 миллиондық пара“: сотталушы соңғы сөзін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаев ісіне қатысты “100 миллиондық пара“: сотталушы соңғы сөзін айтты Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Айыптаушы тараптың айтуынша, 100 миллион теңгеге бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуді ұсынған әйел Людмила Грачева сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айыптаушы тараптың айтуынша, 100 миллион теңгеге бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетуді ұсынған әйел Людмила Грачева сотта соңғы сөзін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйел қамаудағы жағдайға шағымданды.

"Қамауға алынған осы алты айда мен тергеуші, құқық қорғау органдары, қазір отырған мекеме тарапынан психологиялық қысым көрдім. Мен камерада 24/7 бейнебақылауда отырмын. 8 адам ұсталатын камерада әрқайсына екі шаршы метр қажет. Ересектер мен балаларды өлтірушілермен бірге отырғызды, шын мәнінде өз өмірім үшін күресуім керек. Мұның бәрін құқық қорғау жүйесі соталды тергеу сатысында адамның психологиялық күйзеліске ұшырауы және қорқуы және мойындауы үшін жасайды", - деді Грачева сотта.

Сотталушы өз балалары туралы да айтты.

"Бірнеше ай бойы адвокаттарым маған балаларымның хаттарын әкеліп беріп отыр. Себебі кездесуге тыйым салынған. Мен екі туған күннен қалдым. Бұл балалар үшін ешқашан қайталанбайтын ең маңызды күндер. Олар менің қоңырауымды күтті, құттықтауымды. Тергеушінің рұқсатымен телефон соғуға құқығым бар. Бірақ одан да бас тартылды. Қамауға алынғаннан бері бәрінен айырды", - деп қосты ол.

Еске салайық, прокурор Қуандық Бишімбаевтың жазасын 100 миллион теңгеге жеңілдетуге көмектесуді ұсынған әйелді 11 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети