Бишімбаевқа қатысты келесі сот отырысында не болатыны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаевқа қатысты келесі сот отырысында не болатыны белгілі болды Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысында не болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс бойынша келесі сот отырысында не болатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінгі сот отырысында сотталушылар Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжанов соңғы сөзін айтты. Осыдан кейін сот отырысы 10 мамырға шегерілді.

Соттың баспасөз қызметі мәліметінше, келесі отырыста алқабилер қатысқан соттың шешуіне жататын мәселелер мен сұрақтар талқыланады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 653-бабы 1-бөлігіне сәйкес, алқабилер сұрақтарды талқылау және құрастыру кезінде сот отырысы залынан шығарылады.

Tengrinews.kz редакциясы Жоғарғы соттан үкім жарияланатын күнді сұрады. Материал жарияланған уақыта тиісті ақпарат әлі берілген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети