30 желтоқсан 2016 16:54

Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Жалғасы

Елбасы Сыртқы істер министрлігінің басшылық құрамымен кездесу барысында Ұлттық экономика министрлігіндегі кадрлық өзгерістер туралы хабардар етті.

"Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев "Бәйтерек" холдингіндегі қызметі бойынша туындаған мәселелерге байланысты лауазымынан босатылды. Қазіргі таңда оған қатысты тергеу шаралары жүргізілуде. Ұлттық экономика министрлігінің жаңа басшысы болып Тимур Сүлейменов тағайындалды. Өзіне жүктелген міндеттерді атқару оның қолынан келеді деп ойлаймын", - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, кеше, 29 желтоқсанда Тимур Сүлейменов ұлттық экономика министрі болып тағайындалған болатын. Оған дейін бұл министрлікті Қуандық Бишімбаев басқарған болатын. Ол бұл қызметте 8 ай ғана болған. Қуандық Бишімбаев ұлттық экономика министрі қызметіне дейін "Бәйтерек" холдингін басқарған. 

17 қарашада "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшылары ұсталған болатын. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ басшысының пара алу дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізген еді. Тергеу барысында "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ лауазымды Жақыпов А. (Басқарма төрағасының орынбасары), Айтымбетов Б. (мемлекеттік-жекеменшік серіктестік дирекциясы департаментінің басшысы) және Сариев Ғ. (басқарушы директор) есімді лауазымды тұлғалар жүйелі түрде "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында жалдамалы тұрғын үй кешенін сату қызметтерін көрсететін құрылыс компанияларынан ірі көлемде пара алғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети