Бишімбаевтың адвокаты полицияға арыз жазды, тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаевтың адвокаты полицияға арыз жазды, тергеу басталды © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов қоқан-лоққыларға байланысты полицияға арыз жазды. Тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов қоқан-лоққыларға байланысты полицияға арыз жазды. Тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соталды тергеуді Астана Сарыарқа аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.

"Белгісіз тұлғалардың қорқытуы бойынша Қылмыстық кодекстің 409-бабы 2-бөлігі ("Сот төрелігін жүзеге асыруға немесе соталды тергеп-тексеруге байланысты қорқыту немесе күш қолдану әрекеттері" – еск.) бойынша соталды тергеп-тексеру басталды, - деп хабарлады ІІМ Tengrinews.kz ресми сауалына берген жауабында.

Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерделеуді қамтамасыз етуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Бұл қылмыс 3 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу (2024 жылы 11 миллион теңгеден астам) немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру/бас бостандығын шектеумен жазаланады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети