13 қараша 2017 | 13:23

Бишімбаевтың әйелі сотта сөз сөйледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі сотта сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі сотта сөз сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Айта кетейік, сотта прокурорлар Қуандық Бишімбаев  "НҰХ "Бәйтерек" АҚ басқарма төрағасы болып тұрғанда Қызылорда облысындағы шыны зауытының құрылысы кезінде ақша жымқырды деген болатын. 

"Түрлі уақытта кейбір ақпараттық порталдарда мақалалар жарияланды. Онда Қызылорда облысындағы шыны зауыты бойынша журналистік тергеу жүргізген. Мақала мазмұнына нысан аумағында алынған сұхбаттар, суреттер мен видео жарияланды. Осының негізінде зауыт құрылысы кезінде ешқандай да заң бұзушылық болмағанын көруге болады. Зауыт штаттық жағдайда салынды. Құрылыс ЖШС құрылтайшысы мен бас директор ұсталғаннан кейін де тоқтаған жоқ", - дейді Бишімбаевтың әйелі оны ақтау мақсатында. 

"ҚР ҚПК-ның 120-бабының 1-тарауын назарға алып, журналистік тергеу ресми құжат ретінде мойындалу керек. Ал 125-бап бойынша қылмыстық істі шешу үшін дәлелерді бағалау қатыстылық, дәлелділік тұсынан бағалану керек. Осыған байланысты зауыт құрылысы туралы мақалаларды іске қосуыңызды сұраймын", - дейді Бишімбаевтың әйелі сот залында. 

Еске салайық, Қуандық Бишімбаев пен бұл істің өзге де 22 фигурантына қатысты алдын ала тыңдаулар 31 қазанда басталған. Бүрынғы ұлттық экономика министрі ҚР ҚК-нің 366-бабының 4-тарауы "Пара алу" және 189-бабының 4-тарауының 2-тармағы "Сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін иелену немесе талан-таражға салу" бойынша айыпталуда.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети