Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жүгінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа жүгінді Назым Кахарман. ©️ youtube/@Assel_Kozhakova

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырғысы келеді. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Назым Қаһарман бұрынғы күйеуі Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айырғысы келеді. Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назым Қаһарманның айтуынша, ол Қуандық Бишімбаевты ата-ана құқығынан айыру үшін сотқа арызданған. Сот оны қабылдамаған, себебі Салтанат Нүкенова Бишімбаевтың заңды әйелі емес, яғни ол өзінің туысын немесе отбасы мүшесін өлтірген болып саналмайды.

Сонымен қатар, Назым Қаһарман балаларының тегін өзгертуді қалаған, бірақ бұдан да бас тартылған.

"Өкінішке қарай, мен қазір бәрін ашуға мәжбүрмін, өйткені көмек сұрағым келеді. Менің ойымша, бұл (соттың бас тартуы - еск.) әділетсіз болды. Мен мұнда қоғамға, Бас прокуратураға және Жоғарғы сотқа жүгініп тұрмын - біздің сотқа назарын аударыңыз", - деп қосты Каһарман.

Еске салайық, мамырда Назым Қаһарман бұл оқиғадан кейін балалары Бишімбаевтың фамилиясынан бас тартқысы келетінін айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети