Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот үкіміне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот үкіміне қатысты пікір білдірді ©️ youtube/@Assel_Kozhakova

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот үкіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот үкіміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назым осы уақыт ішінде өзіне де, балаларына да өте қиын болғанын мойындады.

"Бір жағынан әйел ретінде, осы елдің азаматы ретінде ашық сотты қолдадым, өйткені бұл процесті қоғамның сауығуы мен терапиясына қадам ретінде қабылдаймын. Екінші жағынан, сот балалар мен маған күйзеліс болып тиді, өйткені онда адамшошырлық мән-жайлар белгілі болды. Балалар мұны қабылдап, әрі қарай да өмір сүруі керек. Әлемдегі бірде-бір балаға мұны тілемеймін. Сондықтан бәрі аяқталғанына жеңілдеп қалдық", - деді Назым Қаһарман.

Қуандық Бишімбаеваның бұрынғы әйелі Нүкеновтар отбасына тағы да көңіл айтты.

"Менің ойымша, алқабилер соты істің барлық ашық және жабық материалын қарап, саналы және дұрыс шешім қабылдады", - деді ол.

Айта кетейік, Назым Каһарман Қуандық Бишімбаевпен 14 жыл ресми некеде болған, олардың үш баласы бар. Ерлі-зайыпты 2020 жылы, экс-министр бұрынғы қылмыстық ісі бойынша колониядан босағаннан кейін бір жыл өткен соң ажырасқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети