“Бишімбаевтың қашып кеткені“ туралы ақпарат: қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Бишімбаевтың қашып кеткені“ туралы ақпарат: қылмыстық іс қозғалды Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Әлеуметтік желілерде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы мәліметтерді тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың колониядан қашып кеткені туралы мәліметтерді тарату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі ресми түсініктеме берді.

"Осы жалған ақпаратты таратуға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын және кінәлілер жауапқа тартылатынын хабарлаймыз", - делінген ведомство хабарламасында.

ҚАЖК қазақстандықтарға қате мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілік барын еске салып, тек ресми дереккөздерге ғана назар аударуға шақырды.

Бұған дейін желіде Бишімбаевтың қазақстандық колониялардан табылмағаны туралы ақпарат пайда болған еді. Бірқатар журналист ол жазасын Степногорск немесе Аршалыда өтеп жатқан болуы мүмкін деп болжаған. Алайда бұқаралық ақпарат құралдары бұл деректерді растай алмады. Кейінірек Telegram-арналары оның түзеу мекемесінен қашып кеткенін жаза бастады.

ҚАЖК бұл ақпаратты "шындыққа жанаспайды" деп жоққа шығарды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети