11 сәуір 2024 | 12:18

Бишімбаевтың қорғаушысының судьяға қарсылық білдіруі қабылданбады

Фото: Соттың баспасөз қызметі

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатқан Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судья Айжан Кулбаеваға қарсылық білдіру туралы өтініш бойынша шешім жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі қарау жалғасып жатқан Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты судья Айжан Кулбаеваға қарсылық білдіру туралы өтініш бойынша шешім жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бишімбаевтың қорғаушысының судьяға қарсылық білдіруі қабылданбады. Ақпаратты соттың баспасөз қызметі растады.

Сот отырысының трансляциясы қайта жалғасты. Бишімбаев ісі бойынша екінші айыпталушы - оның туысы Бақытжан Байжановтан жауап алу басталды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, бұған дейін Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Кулбаеваға қарсылық білдіру туралы айтты.

Судьяға қарсылық білдіру: бұл нені білдіреді және процесс қалай жүреді?

"Құрметті сот, мұндай жағдайда сіздің тарапыңызға қарсылық білдіруге...", - деп Ғазымжанов мәлімдей бастады, алайда судья Кулбаева Бишімбаевтың қорғаушысының сөзін бөлді.

"Сот сізге ескерту жасайды, қорғаушы. Соттың бірнеше рет ескертуіне қарамастан қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормасын бұзғаныңыз үшін. Сот отырысына қатысушылардан орнынан тұруды сұраймын. Алқабилердің шығуын сұраймын", - деді судья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная