Бишімбаевтың адвокаты судьяға қарсылық білдіру туралы айтты. Трансляция тоқтады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
видео кадры видео кадры

Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Кулбаеваға қарсылық білдіру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Кулбаеваға қарсылық білдіру туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін сот отырысында Бишімбаевтың қорғаушысы Ерлан Ғазымжанов судьяға қарсылығын айтты.

"Қарсылығымды айтуға рұқсат етіңіз. Бұл ұқсас жағдай. Дәл қазір сіз прокурорға Бишімбаевтың айғақтарын оқуға тыйым салдыңыз, өйткені ешқандай қайшылық жоқ және мен жаңа ғана айтқан нормаларды келтірдіңіз. Алайда, бұл жағдайда жәбірленуші тарапқа осыған рұқсат бересіз. Осыған байланысты сіздің тарапқа айтуға мәжбүрмін", - деді Ғазымжанов.

Алайда судья қорғаушының қарсылығын қабылдамады.

«...Қорғаушы процеске қатысушыларды жаңылыстырды, бірінші жағдайда соталды тергеп-тексеру кезінде сотталушының айғақтарын жария етуді көздейтін 368-баптың нормасы келтірілген. Ал қазір қылмыстық іс материалдарын зерделеу туралы айтып отырмыз. Қорғаушы, сот сізге алқабилер мен сотқа қатысушыларды жаңылыстырғаныңыз үшін ескерту жасайды. Сіздің қарсылығыңыз қабылданбайды. Жәбірленушінің өкілі, өтінемін", - деп жауап берді судья Айжан Кулбаева.

Алайда қорғаушы Ғазымжанов жәбірленуші тараптың адвокатының сөзін тағы да тоқтатып, сөзін жалғастырды.

"Құрметті сот, мұндай жағдайда сіздің тарапыңызға қарсылық білдіруге...", - деп Ғазымжанов мәлімдей бастады, алайда судья Кулбаева Бишімбаевтың қорғаушысының сөзін бөлді.

"Сот сізге ескерту жасайды, қорғаушы. Соттың бірнеше рет ескертуіне қарамастан қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормасын бұзғаныңыз үшін. Сот отырысына қатысушылардан орнынан тұруды сұраймын. Алқабилердің шығуын сұраймын", - деді судья.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer