Бишімбаевтың інісіне рақымшылық жасалды: сот шешімі заңды күшіне енді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаевтың інісіне рақымшылық жасалды: сот шешімі заңды күшіне енді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Салтанат Нүкенованың өлімі ісі бойынша сотталған Қуандық Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды. Соттың тиісті шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Салтанат Нүкенованың өлімі ісі бойынша сотталған Қуандық Бишімбаевтың бауыры Бақытжан Байжановқа рақымшылық жасалды. Соттың тиісті шешімі заңды күшіне енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі бұл ақпаратты растады. Байжановтың қашан бостандыққа шығатыны нақты айтылмаған, бірақ өзіміз есептеп көрдік.

Астана полициясының ақпаратына сәйкес, Бақытжан Байжанов 2023 жылдың 12 қарашасында қамауға алынған. Сол уақыттан 2024 жылдың шілдесіне дейін ол тергеу изоляторында отырды. Изолятордағы бір күн түзеу мекемесіндегі 1,5 күнге есептеледі. Рақымшылық кезінде Байжановтың мерзімі шамамен 8 айға қысқаруы мүмкін. Осылайша, алдын ала есептеуіміз бойынша, Қуандық Бишімбаевтың інісі 2026 жылдың қазанында бостандыққа шығуы ықтимал.

Еске салайық, 9 шілдеде Бақытжан Байжанов Степногор аудандық сотына жүгінген еді. Айдың аяғында сот оның жаза мерзімін қысқарту туралы өтінішін қанағаттандырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети