16 мамыр 2018 | 12:49

Бишімбаевтың ісі: Адвокаттар апелляцияда жаңа дәлелдер келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сотталған Қуандық Бишімбаев пен істің басқа да фигуранттарының шағымын қарауды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астананың қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы сотталған Қуандық Бишімбаев пен істің басқа да фигуранттарының шағымын қарауды бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шағым сотталғандардың қатысуынсыз қаралып жатыр. Осыған байланысты бірнеше адвокат қорғалушыларын сотқа қатыстыруды сұрады. Осындай өтінішті Қуандық Бишімбаевтың әйелі Назым да жасады.  

"Бишімбаевты сотқа қатыстыруды сұраймын. Оның үндеуі бар", - деді ол апелляция алқасының судьяларына. 

Экс-министрдің адвокаты Сейіт Рахманов Бишімбаевты неге сотқа қатыстыруды сұрап отырғанын түсіндірді. 

"Қазіргі уақытта сотқа жаңа дәлелдер, көрсетпелер ұсынылды, бұл материалдар Бишімбаевтың ісі бойынша сотталған фигурант Смағұловтан алынған және пара жеткізді деген айыпқа негіз болған. Бұл дәлелдер менің қорғауымдағы Бишімбаевтың мүддесіне қатысты эпизодтармен байланысы бар. Осыған байланысты бұл апелляциялық шағымды Бишімбаевтың қатысуымен өткізуді сұраймын", - деді экс-министрдің адвокаты сотқа.

Қуандық Бишімбаевты сотқа қатыстыру туралы өтінішті апелляция алқасы әлі қарастырған жоқ. 

Адвокат Ермек Бектасов өз кезегінде тергеу кезінде кәсіпкер Әбішевтен жауап алынбағанын алға тартты. Оның айтуынша, куәгер Әбішев 2015 жылдың көктемінде Смағұловтың ұсынысымен Павлодардағы тоғызқабатты екі үйдің құрылысына қосалқы мердігер ретінде қатысқан, 70 миллион теңгені қолма-қол ақшаға айналдырмаған және іс бойынша өзге сотталғандарға жеткізіп бермеген. 

Жауап беруші тарап Бишімбаев 70 миллион теңге сомасында пара алды деген эпизодты алып тастауды сұрады. 

Еске салайық, 14 наурызда бірінші инстанциядағы сот ұлттық экономика экс-министрін "пара алды", "сеніп тапсырылған өзгенің мүлкін жаратты немесе иемденді" деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырған болатын. Бишімбаев өз кезегінде сот шешіміне шағым түсіріп, сол шағымында ол өзіне қатысты шығарылған үкімді заңсыз әрі негізсіз деп атаған еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети