10 сәуір 2024 10:56

Бишімбаевтың ісі: БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Бүгін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша процесте БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды. Бұған Желіде алқабилер түсіп қалған кадрлар себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бүгін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша процесте БАҚ өкілдері сот залынан шығарылды. Бұған Желіде алқабилер түсіп қалған кадрлар себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінгі сот отырысында судья Айжан Кулбаева 9 сәуірде сот отырысынан кейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде алқабилердің фото және видео кадрлары пайда болғанын айтты. Бұл үшін Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары бойынша жауапкершілік қарастырылған.

"Осындай деректерді және алқабилермен процессуалдық емес байланыстарды болдырмау және әділеттілік мақсатында сот БАҚ-ты, әлеуметтік желілерді және жеке тұлғаларды алқабилер сотының барысын бейнелейтін суреттер мен видеоларды Интернеттен алып тастауды міндеттеу туралы шешім қабылдады. Тексеру нәтижелері алынғанға дейін қылмыстық істі объектив және дұрыс қарау үшін сот барлық бұқаралық ақпарат құралдарын, барлық өкілдерді сот ғимаратындағы арнайы бөлінген бөлмеге сот отырысы залынан шығару қажет деп санайды. Залға жиналғандардың барлығына алқабилер алқасының суреттері мен видеоларын бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жариялауға болмайтынын ескертемін", - деді судья.

Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесін мына сілтеме арқылы көруге болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети