Бишімбаевтың ісі бойынша прокурордың жалған парақшасы 17 мың оқырман жинаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаевтың ісі бойынша прокурордың жалған парақшасы 17 мың оқырман жинаған © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының атынан парақша ашылып, ондағы оқырман саны 17 мыңнан асып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша мемлекеттік айыптаушының атынан парақша ашылып, ондағы оқырман саны 17 мыңнан асып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісінде aijan.aimaganova атты парақша анықталды (парақша 17 000 мыңнан аса жазылушы жинады).

Парақшада сот процесі видеоларының үзінділері және мемлекеттік айыптаушының жеке суреттері жарияланған. Бірақ кейінірек, парақшаның атауы өзгертіліп, ішіндегі жазбалар өшірілген.

Парақшдағы алғашқы жазбада мынадай мәтін болған.

"Дорогие Казахстанцы! Страницу открыла по просьбе обычных Людей! Но! Я не блогер! Я не могу отвечать Вам на личные сообщения! Просьба, не пишите в личку. Я боюсь обидеть Вас тем, что не отвечаю. Я обычный прокурор… Я обещаю работать для Нового Казахстана!", - делінген жазбада.

"Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары, бұл парақшаның Аймағановаға және басқа жаңадан құрылған парақшаларға еш қатысы жоқ екенін хабарлаймыз. Астана қаласының прокуратурасы сенімді ақпарат көздеріне ғана сенуді сұрайды", - делінген прокуратураның хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Бишімбаевтың сотындағы прокурор әйел қазақстандықтардың жүрегін жаулап алғаны хабарланған болатын.

Әлеуметтік желіде азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтірді деген айыппен сотталып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты басты сот отырысындағы үзінділер тарап жатыр. Желі қолданушылары қазақ қыздарына шабыт берген прокурор батылдығына таңдай қағып жатыр.

Прокурор Айжан Аймағанованың сот залындағы кәсібилігі мен сенімділігі қолданушыларды баурап алды. Қазақстандықтар өз парақшасында процестің үзінділерін жариялай бастады. Видео авторлары дәл осындай әйелдердің көпке үлгі болуы керегін баса айтып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети