Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айып тағылып отырған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айып тағылып отырған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың соты жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Tengri TV YouTube-та Бишімбаев ісі бойынша сот отырысы видеосына трансляция жасайды. Сот отырыстары Tengrinewskz Instagram-парақшасында да онлайн көрсетіледі.
18 сәуірде өтетін сот отырысы екі бөлікке бөлінген. Тікелей эфир сағат 9.30-да басталады.
Бишімбаевқа қандай айып тағылып отыр?
- Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігінің 1-тармағы "Көрiнеу кәмелетке толмаған адамға немесе кiнәлi адамға дәрменсiз күйде екенi көрінеу белгiлi не кiнәлi адамға материалдық немесе өзгедей тәуелдi адамға, сол сияқты ұрланған не кепiл ретiнде қолға түсiрілген адамға қатысты қианау";
- 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру".
Екінші сотталушы Байжановқа қандай айып тағылып отыр?
- Қылмыстық кодекстің 432-бабы "Қылмысты жасырып қалу";
- 434-бап "Қылмыс туралы хабарламау".
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!