19 сәуір 2024 12:39

Бишімбаевтың соты: адвокаттар алқасының басшысы мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Республикалық адвокаттар алқасы төрағасы Айдын Бикебаев Бишімбаев ісіне қатысып жатқан әріптестерін талқыламауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Республикалық адвокаттар алқасы төрағасы Айдын Бикебаев Бишімбаев ісіне қатысып жатқан әріптестерін талқыламауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айдын Бикебаев әлеуметтік желідегі парақшасында әріптестерін Қуандық Бишімбаевтың ісімен айналысып жатқан адвокаттарды талқыламауға шақырды.

"Адвокаттарды Бишімбаев ісіне қатысатын әріптестерін жария талқылауды тоқтатуға шақырамын. Бұл әрекеттер кәсіби әдеп кодексін бұзуға әкелуі мүмкін. Әр нәрсенің шегі болуы керек. Әрбір адвокат адвокатураның беделін ойлауы тиіс. Республикалық адвокаттар алқасының төралқасы алдағы күндері осы іске байланысты барлық мәселелер бойынша аумақтық адвокаттар алқалары басшыларының қатысуымен арнайы кеңейтілген отырыс өткізеді", - деп жазды Айдын Бикебаев.

Айта кетейік, сот барысында көрермендер сотталушының адвокаттарына қатысты көптеген жағымсыз пікірлер айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети