11 наурыз 2024 | 15:54

Бишімбаевтың сотында тың дерек айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Астанада жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Прокурор өз сөзінде елең еткізетін жайттарды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада жұбайы Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау өтіп жатыр. Прокурор өз сөзінде елең еткізетін жайттарды айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекеттік айыптаушының айтуынша, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некелері ресми түрде тіркелмеген. Бишімбаев марқұмның барлық телефон қоңырауын бақылап, жұмыс істеуге рұқсат бермей, оны толығымен материалдық тәуелді етіп қойған. Сондай-ақ, ол жиі қызғанып, жүйелі түрде физикалық күш қолданған.

"Бишімбаев жиі қызғаныш танытып, Нүкеноваға порнография көрсетіп, онда түскен жоқ па сұрағаны", - айтылған дерек оқылды.

2023 жылғы наурыздың ортасында Астанада Бишімбаев Нүкенованы соққыға жыққан. Салтанат Нүкенова ағасына шағымданған. Ол Бишімбаевпен ажырасуға көндірмек болған, бірақ әйел келіспеген.

Прокурордың айтуынша, 2023 жылдың жазында Бишімбаев Нүкенованы Алматыға көшуге шақырған. Ол зорлық-зомбылық тоқтайды деген үмітпен келіскен. Алайда айыпталушы физикалық күш көрсетуді тоқтатпаған.

"2023 жылғы тамызда Нүкенова Бишімбаевтың жүйелі түрде ұрып-соғуына және қорлауына төзе алмай, Павлодардағы ата-анасына кетіп қалған. Алайда Бишімбаев кешірім сұрап, Нүкенованы қайта келуге көндірген. Осыдан кейін Нүкенова Бишімбаевтан кетпек болады, бірақ ол түзелетініне, яғни ұрып-соқпайтынына уәде береді. 2023 жылғы қазанның аяғында Астанада Бишімбаев ойдан шығарылған қызғаныш салдарынан тағы да жанжал шығарып, Нүкенованы тағы да ұрып-соғады", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Айта кетейік, 16 қаңтарда оған тағы бір қылмыстық бап – "Қинау" (ҚК-ның 110-бабы 2-бөлігі) бойынша айып тағылғаны белгілі болды. Алғашында Бишімбаевтың ісі бойынша "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеу басталды. Кейін "Аса қатыгездікпен жасалған адам өлтіру" - 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағына қайта сараланды.

Еске салайық, 9 қарашада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Астанадағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, салдарынан бір әйел алған жарақатынан көз жұмған. Болжам бойынша, әңгіме экс-министрдің әйелі туралы. Бишімбаевтың ұсталғаны туралы хабарламамен қатар Астана полициясы ер адамның ұсталғаны туралы пікір білдірді. Бірақ оның аты-жөнін нақтыламады.

Сондай-ақ, сағат 19:54-те астаналық жедел медициналық қызмет көрсету станциясы пультіне қоңырау түскен. Жедел жәрдем бригадасы жеткенде 1992 жылы туған әйелдің қаза болғаны расталды. Кейін марқұмның 31 жастағы Салтанат Нүкенова екені белгілі болды. Ол - Қуандық Бишімбаевтың әйелі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети