22 сәуір 2024 12:26

Бишімбаевтың телефонын мамандар аша алмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында судья Айжан Құлбаева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандары оның ұялы телефонын аша алмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сотында судья Айжан Құлбаева Ұлттық қауіпсіздік комитетінің техникалық мамандары оның ұялы телефонын аша алмағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Құлбаеваның айтуынша, соталды тергеп-тексеру барысында Бишімбаевтың ұялы телефоны заттай айғақ ретінде танылған.

"Қылмыстық-процестік кодексінің 375-бабына сәйкес заттай дәлелдемелерді қарау сот тергеуінің кез келген сәтінде жүргізіледі. Осы телефон бойынша соталды тергеу барысында ҰҚК 5-ші қызметінің 12-ші департаменті зерттеу жүргізді. IPhone 13 Pro Max ұялы телефонында алты таңбалы код-пароль қойылған деген қорытынды шығарылды. Код-парольді қолда бар техникалық құралдармен айналып өту мүмкін болмады", - деді судья.

Айжан Құлбаева сот тергеуінің осы сатысында ұялы телефон ашылмай, зерттелмегенін айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.66   490.7   4.89 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети