Бишімбаевтың ісі бойынша сотталғандардың жазасы жеңілдетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бишімбаевтың ісі бойынша сотталғандардың жазасы жеңілдетілді Мұрағаттан алынған сурет © Тұрар Қазанғапов

25 мамырда қазылар алқасы сотталушылардың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

25 мамырда қазылар алқасы сотталушылардың апелляциялық шағымы бойынша шешім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Коллегия қылмыстық іс бойынша төрт айыпталушының жазасын жеңілдетті. Олардың қатарында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың немере ағасы, пара алды деп айыпталып, жеті жылға сотталған Сұлтан Нұрлыбек бар.

"Нұрлыбекке ҚР ҚК 366-бабы 4-бөлігі, 28-бабы 5-бөлігі бойынша тағылған жазаға ҚР ҚК 55-бабы 4-бөлігі қолданыла отырып, бас бостандығынан айыру мерзімі бес жылға дейін төмендетілсін. (...) 2016 жылы 13 желтоқсанда қабылданған "Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заңы негізінде Ибрашевке, Исабекке, Қожабаевқа кесілген жаза төрттен бір бөлікке қысқартылсын. Ибрашевке - 3 жылға бас бостандығынан айыру, Исабек, Қожабаевқа әрқайсысына бір жыл алты айдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын", - деді алқа төрайымы Алма Есімова.

Айта кетейік, Бишімбаевқа қатысты шыққан сот үкімі өзгеріссіз қалған болатын.

Биыл 14 наурызда Қуандық Бишімбаев 10 жылға сотталған еді. "10 жылға бас бостандығынан және өмір бойына мемлекеттік қызметтерде басшы лауазымдарында жұмыс істеу құқығынан айырылсын. Жазасын максималды қауіпсіз мекемеде өтесін, сондай-ақ, мүлкі тәркіленсін", - деп оқыған еді үкімді судья Әділхан Шайхисламов.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети