Биткоин бағасы тағы да рекордты жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биткоин бағасы тағы да рекордты жаңартты Фото:depositphotos.com

Биткоин бағасы тағы да тарихи максимумды жаңартып, 89 мың доллардан жоғары көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биткоин бағасы тағы да тарихи максимумды жаңартып, 89 мың доллардан жоғары көтерілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сауда көлемі бойынша ең үлкен криптовалюта биржасы Binance-та, биткоин 89 517 долларға дейін көтерілді. Астана уақыты бойынша сағат 09:15-тегі жағдай бойынша биткоиннің құны 88 058 доллар болды.

Еске салайық, Дональд Трамптың АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісінен кейін биткоин курсы бірнеше рет рекордты жаңартты. Трамп өзінің сайлау науқаны кезінде цифрлық активтерді қолдағаннан кейін әлемдегі ең танымал криптовалюта кем дегенде 38 505 доллардан екі еседен аса өсті. Ол АҚШ-ты "планетаның крипто астанасы" етіп, биткоиннің ұлттық қорын жинауға уәде берді.

Айта кетейік, АҚШ-тағы сайлауға дейін биткоиннің тарихи максимумы 70 184 доллар (34 миллион теңгеден астам) болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети