1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Биыл 1-сыныпқа қанша оқушы барады?04 тамыз 2020, 11:08

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елімізде 1 қыркүйектен бастап 157 мыңнан аса оқушы штаттық режимде оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1 қыркүйектен бастап, оқу қашықтан жүргізіледі. Шалғай ауылдағы шағын мектептер штаттық режимде жұмыс істейді. Бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініші негізінде санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып, кезекші сыныптар ашылады. Бір кабинетте бір мұғалім ғана жұмыс істейді", - дейді министр үкімет отырысында.

Коронавирус: премьер-министр індет өршіп тұрған облыстарды атады

Асхат Аймағамбетов балаларын кезекші сыныптарға бергісі келетін ата-аналар өтінішті электронды форматты тапсыра алатынын жеткізді.

 "Интернет платформаны және телевизияның көмегімен 2,6 миллион оқушы, кезекші сыныптарда 530 мың оқушы, штаттық режимде 157 мыңнан аса оқушы білім алады деп болжанып отыр", - дейді министр.

"Дайын болуымыз керек". Үкімет басшысы қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді

Сондай-ақ, ведомство басшысы мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші негізінде балаларды кезекші топтарға қабылдау бойынша жұмыстар жүргізілетінін жеткізді.

"Кезекші топта бала саны 15-тен аспауы керек. Ата-аналардың өтініші бойынша балалар сабаққа қашықтан қатыса алады немесе жеке оқи алады. Сондай-ақ, шағын топтарда, үйірмелердегі баланың саны 5-тен аспауы керек", - дейді ол.

Министр кімдерге маска тағудың керегі жоқ екенін айтты

Сонымен қатар, министр ерекше күтімді қажет ететін балалардың ата-аналары үшін онлайн режимінде консультация, алдын ала жазылу бойынша жеке қабылдау жүргізілетінін атап өтті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!