2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 20 мың 938 рұқсат берілді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
2019 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Қазақстанда шетелдік жұмыс күшін тартуға 20 мың 938 рұқсат берілді, деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
"Оның ішінде бірінші санатқа (басшылар мен олардың орынбасарлары) 819, екінші санатқа (құрылымдық бөлімшелердің басшылары) 4690 рұқсат шығарылды. ШЖК тартуға арналған рұқсаттардың көп бөлігі үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмыскерлер) санаттарына берілді - сәйкесінше 9803 адам және 1738 адам. Сондай-ақ маусымдық жұмыстарға - 2 216, корпоративтік ауысым аясында 1672 адам тартылған», делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта Қазақстанда ШЖК пайдаланатын 2 396 жұмыс беруші бар. Оларда Қазақстанның 531,1 мыңға жуық азаматы жұмыс істейді, бұл қызметкерлердің жалпы санының 96 пайызын құрайды.
Еңбекші мигранттардың негізгі шыққан елдері Қытай - 4 433 адам, Өзбекстан - 2320 адам, Үндістан - 1837, Түркия - 1828, Ұлыбритания - 1449 адам.
Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейтінін еске сала кеткен жөн.
2019 жылға шетелдік жұмыс күшін тарту квотасы республиканың экономикалық белсенді халқының 0,54 пайызы (шамамен 48,7 мың адам) деңгейінде белгіленді.