02 желтоқсан 2022 | 09:13

Биыл 300-ден астам астаналық АИТВ жұқтырған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елордада соңғы 10 айда АИТВ-инфекциясының 305 жағдайы анықталды. Сарапшылардың пікірінше, Астана ауру деңгейі жоғары қалалардың қатарында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елордада соңғы 10 айда АИТВ-инфекциясының 305 жағдайы анықталды. Сарапшылардың пікірінше, Астана ауру деңгейі жоғары қалалардың қатарында, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылы Астана тұрғындарының 24 пайыздан астамы АИТВ-инфекциясына тестілеуден өткен. Нәтижесінде 80 пайыздан астамы ерте сатысында анықталып, ем қабылдаған.

"Шетел азаматтары арасында АИТВ індетін жұқтырудың 15 жаңа жағдайы анықталды. Олардың бірі Ресей Федерациясының азаматы", - дейді Астана қаласының АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының басшысы Жанна Айтмағамбетқызы.

АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығы директорының орынбасары Салтанат Мусина елордада АИТВ жұқтырғандар бойынша жағдай тұрақты және жіті бақылауда екенін айтады.

"Елордада байқалып жатқан бұл тенденция жалпы әлемде болып жатқан үрдіске сай келеді. Яғни, негізінен жұқтыру жағдайларының 80 пайызы жыныстық жолмен жүреді. Жыл сайын 300 мыңнан астам халықты тестілейміз - бұл Астана халқының 20 пайыздан астамын құрайды. Бұл жалпы эпидемиологиялық жағдайды бағалауға жеткілікті. Биыл жүргізілген жұмыстың арқасында 305 жағдай анықталды. Олардың 82 пайызы ерте кезеңдерде анықталған", - деді Салтанат Мусина.

Оның айтуынша, бұл науқастарға денсаулықты, иммундық жүйені және еңбекке қабілеттілікті сақтау үшін ерте кезеңдерде уақытылы ем тағайындауға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети