Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 830 миллиард теңге сомаға шамамен 9 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру болжанып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл барлық қаржыландыру көздері есебінен 830 миллиард теңге сомаға шамамен 9 миллион шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру болжанып отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сейсенбіде өткен үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі тұрғын үй құрылысын дамыту және халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін Қазақстанда қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
"Барлық қаржы көздерді есебінен пайдалануға берілген тұрғын үй өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (2016 жылғы қаңтар-тамыз айларында) 14 пайызға (6,37 миллион шаршы метрге дейін) ұлғайды" - деп хабарлады министр.
"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай 4,5 млн. шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру көзделген. 2015 жылы тұрғын үй құрылысына 189,7 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан - 140 миллиард теңге жәнге Республикалық бюджеттен 49,7 миллиард теңге. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысын және инфрақұрылымды дамытуға 442,5 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде Ұлттық қордан - 423,9 миллиард және Республикалық бюджеттен -18,6 миллиард теңге бөлінді.
"Мемлекеттік қаражат есебінен 2015 жылы және 2016 жылдың өткен кезеңі ішінде 22,6 мың отбасына тұрғын үй берілді және ағымдағы жыл соңына дейін қосымша 6,8 мың отбасы қамтамасыз етілетін болады. 2017 жылы 33,0 мыңнан астам пәтер салынатын болады", - деп хабарлады Бишімбаев.
Ол, сондай-ақ, әкімдіктердің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым және кредиттік тұрғын үй салу мәселелеріне жеке де тоқталып өтті.
Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысына инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым тартуға 110,9 млрд.теңге бөлінген. Қаражатты игеру бойынша Ақтөбе, Қарағанды, Маңғыстау және Павлодар облыстары бойынша оң серпін. Ал Алматы (73,1 пайыз), Жамбыл (85 пайыз), Батыс Қазақстан (56,1 пайыз), Оңтүстік Қазақстан (84,3 пайыз) облыстарында және Астана (69,7 пайыз) қаласында бұл көрсеткіш төмен екені байқалады.
Бишімбаев жеке тұрғын үй құрылысы аудандарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салуға көзделген 23,9 млрд. теңгеден, қаржыландыру жоспарына сәйкес жергілікті атқарушы органдарға 1,8 млрд. теңге аударылғанын 1,7 миллиард теңге немесе аударылғанның 96 пайызының игерілгені туралы хабардар етті. "Төрт өңір ғана осы қаражаттарды игере бастаған. Қалған әкімдіктер құрылыс жұмыстарының басталуын тездетіп, жылдың соңына дейін ақшаның толық игерілуін қамтамасыз етулері қажет", - деді министр.
Бишімбаев бірқатар өңірлердің басшылары салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік коммуникациялардың нақтылы тартылуын, сондай-ақ облигациялар шығару арқылы тартылған қаражаттарды игеруді тездету қажет екенін атап айтты. "Республикамыздың тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай азаматтар өз пәтерлерінің кілтін алып үлгеруі үшін біз ағымдағы жылдың жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуге тиіспіз" - деді.
Министр, сондай-ақ, ведомствода "Нұрлы жер" тұрғын үй құрылысының бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқаны туралы хабардар етті. Бағдарламаның негізгі міндеттері: пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялау жолымен екінші деңгейдегі банктердің қолжетімді ипотекалық қарыздар беруі арқылы сұранысты ынталандыру; тұрғын үй салу үшін құрылыс салушыларға қолжетімді қарыздар беру арқылы ұсынысты ынталандыру; "Құрылыс тұрғын үй жинақтаушы банкі" АҚ салымшылары үшін "револьверлік" қағидат бойынша кредиттік тұрғын үй салу және жалға берілетін тұрғын үйдің өңірлік қорын құру; мемлекеттің инженерлік коммуникациялық инфрақұрылым жүргізуі және инженерлік инфрақұрылымға жұмсалған шығындарды өтей отырып, жер учаскелерін беру арқылы жеке тұрғын үй құрылысын дамыту болып табылады.
Бұдан кейін министр Қуандық Бишімбаев сейсенбі күні өткен үкімет отырысында кәсіпкерліктің дамуы туралы айтты.
Министр осы жылы парламентте талқыланатын салық салу және салықтық-кедендік әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі заң жобасы әзірленгенін атап өтті. Құжатта 2017 жылдың соңына дейін ҚҚС (30 000 АЕК) бойынша есепке қою мақсатында 2020 жылға қарай кезең-кезеңмен (15 000 АЕК ) төмендете отырып, қолданыстағы ең төмен шекті мәнді сақтап қалу ұсынылады.
Салық кодексінде ҚҚС бойынша тіркеу есебіне ерікті қою жөніндегі норманы қайта қалпына келтіру ұсынылады.
Заң жобасы сонымен бірге отандық ауыл шаруашығы өндірушілерін және ауыл шаруашыллығы кооперативтерін қолдауға бағытталған. Салық және кедендік әкімшілендіру бөлігінде сотқа дейінгі салықтық реттеу және кедендік даулар бойынша түзетулер көзделген.
"Бизнеске ағымдағы жылы айналым капиталына деген қажеттіліктерді нысаналы түрде қаржыландыру және ескі қарыздарды қайта қаржыландыру, инвестициялық жобаларды іске асыруға арналған кредиттердің құнын арзандату, экспорттық және экспорт алдыңдағы қаржыландыру жолымен тікелей қолдау көрсетіледі", - деп хабарлады Бишімбаев.
Оның айтуынша, бұл мақсаттарға Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 575 млрд.теңге бөлінді, оның 333 млрд.теңгесі екінші деңгейдегі банктермен қаржы институттарына орналастырылған. 141 миллиард теңге сомасына бизнес жобалары қаржыландырылды.
Бұдан басқа, "БЖК-2020" бағдарламасын іске асыруға ағымдағы жылы 60,3 миллиард теңге бөлінді.
"2014-2015 жылдары Ұлттық қор есебінен бөлінген 300 млрд.теңге есебінен өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлікті револьверлік кредиттеу жалғасуда. 380 миллиард теңгеден астам сомаға 1 529 жоба қаржыландырылды", - деп мәлімдеді министр.
Ол бизнесті кредиттеу үшін ЕДБ қорландырудың көзі АДБ-дан (68 млрд. теңге) және ЕИБ-дан (88,4 млрд. тенге) 156,4 млрд.теңге мөлшерінде қосымша кредиттік желілер тарту болып табылатынын атап өтті.
"Мемлекет басшысының бұқаралық кәсіпкерлікті дамыту бойынша тапсырмасына сәйкес біз экономикалық белсенді халықтың құзыреттілігін арттыруды, микрокредит беру жүйесін кеңейтуді және жетілдіруді пысықтау үстіндеміз. Ағымдағы жылғы қазанның соңына дейін аталған мәселелер толық пысықталып, үкімет қарауына енгізелітін болады", - деді ол.
Министр екінші деңгейлі банктердің ірі қалалардағы ғана емес, ауылдық жердегі бизнес жобаларды қаржыландыру бойынша жұмысты жандандыру қажет екендігіне сенімді.
"Бизнес жобаларды кредиттеуде ЕДБ ұсынатын кредиттік өнімдердің шектеулілігі тежеуші фактор болып табылады. Нарықтық мөлшерлемелер, кредиттер шарттары беруді кепілді талаптары барлық екінші деңгейлі банктер арасында бірдей. Кредиттік өнімдерді әртараптандыру үшін ынталандырулар жоқ. Осыған байланысты, Ұлттық банк осы бағыттағы дұрыс саясатты ойластырулары қажет, мүмкін болатын жерлерде реттеушілік әсер әдістерін қарау керек". - деп хабарлады Бишімбаев.
Ол мемлекеттегі бизнес-ахуалды жақсарту үшін Дүниежүзілік банктің "Doing Business" рейтингісі шеңберінде заңнаманы реформалау бойынша жұмыс жалғасатынын атап өтті.