19 сәуір 2018 | 12:49

Биыл Алматыда 600-ге жуық аула жөнделеді - Байбек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл Алматыда 600-ге жуық аула жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек Бостандық ауданын аралау барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл Алматыда 600-ге жуық аула жөнделеді. Бұл туралы қала әкімі Бауыржан Байбек Бостандық ауданын аралау барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала әкімнің баспасөз қызметінің мәліметінше,Алматы әкімі күнделікті жұмыс сапары барысында мегаполистің көшелері мен аулаларын абаттандыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді және Бостандық ауданындағы Гагарин көшесінің жөнделуін тексерді.

"Алматыда биыл ұзындығы 155 км болатын 157 көшені жөндеу, сонымен қатар Мақатаев, Байтұрсынов және Жароков көшелеріндегі трамвай жолдарын алып тастау мен оларды абаттандыру жоспарланған. Алматыны реконструкциялау аясында бірқатан негізгі даңғылдар мен көшелер, соның ішінде Абай, Абылайхан, Достық, Назарбаев даңғылдары және басқалары жаңарады, модернизацияланады", - дейді әкімдіктегілер.

Гагарин көшесін аралаған кезде қала басшысына жыл аяғына дейін Бостандық ауданында 36 көшенің жөнделетіні, 11 қосымша бекет кешендерінің орнатылатыны баяндалды. Ұзындығы 7,4 шақырым болатын арық жүйесі жаңарады. 12 жер асты және 7 жер үсті өтпелі жолдарды жөндеу жоспарланған. Аудан тұрғындарының өтініші бойынша "Южный" және "Дружба" саябақтары ретке келтіріледі.

Әкімдіктегілердің айтуынша, Гагарин көшесі бойындағы тротуарлар жүргіншілер үшін абаттандырылады, арық науалары қойылып, қажетсіз конструкциялар мен қоғамдық кеңістіктегі заңсыз құрылыстар алынады, көшелер жасылдандырылады.

Сонымен қатар, егер өткен жылы Бостандық ауданында 30 аула күрделі жөндеуден өтсе, биылғы жазда 130 аула жаңарады.

"Шындығына келсек, әрқайсымыз үшін қала өз ауламыздан басталады. Көшелер мен даңғылдарды қайта жаңғыртып, алматылық аулалардың қазіргі жағдайына көз жұмып қарай алмадық. Сондықтан Мемлекет басшысының Жолдауын және "Президенттің бес әлеуметтік бастамасын" ескере отырып, біз бюджетті қайта қарап, оған барынша әлеуметтік негіз бердік, әрі нақтылы жобалар мен нәтижелерге бағыттадық. Егер өткен жылы біз 455 аула алаңдарын абаттандырсақ, биылғы жылы қаланың барлық аудандарында 585 аула қосымша жөнделетін болады", - деді Бауыржан Байбек.

"Алматы әкімі бұрындары тротуарларды тексеруден өткізіп, жаяу жүргінші қозғалысын қиындататын заңсыз салынған құрылыстардан арылуды тапсырған еді. Стихиялы тұрақтардың алдын аалу және жүргінші қауіпсіздігін күшейту мақсатында көшеден кіретін қозғалысты тарылту және тротурарларды тиісінше көркейту жоспарланған", - дейді қалалық әкімдіктегілер.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети