08 шілде 2016 | 12:54

Биыл Астанада 601 отбасы апатты жағдайдағы үйлерден көшіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елорда сайтынан алынған сурет Елорда сайтынан алынған сурет

Елорда әкімі Әсет Исекешев ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаның орындалу барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Елорда әкімі Әсет Исекешев ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша пилоттық жобаның орындалу барысымен танысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.

Қала басшысы жаңа тұрғын үйлердің құрылысына бөлінген жер учаскелерін аралады, ескі және апатты жағдайдағы үйлердің тұрғындары жыл соңына дейін баспаналы болады.

Қаланың бір бөлігін қалпына келтірудің пилоттық жобасымен тұрғын үйлер салу, апатты жағдайдағы үйлерді бұзу және қаладағы "ескі орамдарды" қалпына келтіру қарастырылған. Осылайша, елорда тұрғындары ақысыз негізде жаңа пәтерлерге (ауданы ескі үйдің ауданымен бірдей) ие болады, қала абаттандырылып жатыр, бұл ретте инвестициялар қаражаттың қайтарымдылығы қағидатымен жеке инвестордан тартылатындықтан жаңа тұрғын үйдің құрылысына бюджет қаржысы жұмсалмайды.

"Жоба жақсы. Енді нысандарды тапсыруды созбай, барлық мерзімдер мен кестелерді сақтау керек. Көшіп келетін отбасылар үшін инфрақұрылымның болуын қарастыру қажет, пайдалануға берілетін баспаналарда міндетті түрде балабақшалар мен спорт алаңдары болуы тиіс", - деді Әсет Исекешев.

Жобаның бірінші кезеңінде үш жылдың ішінде 13 тұрғын үй кешенінде жалпы ауданы 234 мың шаршы м. 28 тұрғын үй тапсырылды. Аталған жоба аясында ескі және апатты жағдайдағы 1476 тұрғын үйде тұрып жатқан отбасылар жаңа баспанаға ие болды.

Жоба жүзеге асырылған жылдары Астанада 90 ескі үй бұзылды, жыл соңына дейін тағы да 27 үй бұзылады. Биыл 601 отбасы баспаналы болады. 2017 жылы 111 бұзылған ескі үйде тұрған 1872 отбасы ақысыз негізде жаңа пәтерлерге ие болады.


Елорда сайтынан алынған суреттер

"Қолжетімді тұрғын үй - 2020" бағдарламасы аясында қолға алынған жобаны жүзеге асырмас бұрын 2013 жылы қаланың тұрғын үй қорына талдау жүргізіліп, ведомствоаралық комиссиямен тұрғын ғимараттар мен құрылыстарды апатты жағдайда және бұзуға жатады деп танылған негізгі құрылыс конструкциялары мен инженерлік желілері әбден тозған тұрғын үйлердің тізімі жасалды. Тізімге 1940-1970 жылдары салынған 228 баспана енді, олар 2018 жылға дейін іске асырылатын жобаның бірінші кезеңінде үлестіріледі. Ескі және апатты жағдайдағы тұрғын үйлерді бұзу бойынша жобаның екінші кезеңі 2018-2020 жылдары жүзеге асырылады. Қазіргі кезде тұрғын үйлердің тізімі жасалып, 11 жоба әзірленіп, жетеуі дайындық үстінде. Жобаланып жатқан тұрғын үйлердің жалпы ауданы - 366,5 мың шаршы метр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети