Астанада "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша жас отбасыларды іріктеу аяқталды, бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Астанада "Қолжетімді баспана - 2020" бағдарламасы бойынша жас отбасыларды іріктеу аяқталды, бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Тұрғын үй комиссиясы ұсынылған құжаттарды қарап, тұрғын үй алуға үміткерлер ретінде 672 жас отбасын таңдады. Қазан айында жас отбасыларға 158 үш бөлмелі, 380 екі бөлмелі және 134 бір бөлмелі пәтер үлестіріледі. Тұрғын үйді үлестірудің айқындылығын қамтамасыз ету мақсатында жас отбасылар тізімі өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, Астана қаласы әкімдігінің және Астана қаласы тұрғын үй басқармасының интернет-сайттарында жарияланды.
Іріктеу қатысушылардың өтініштерінде көрсетілген пәтерлердің үлгісіне сай келетін тұрғын үй санына сәйкес қатысушылар балдарының жоғарылығы бойынша жүргізілді.
Бағдарлама қатысушыларына тұрғын үй басқармасының шақыруымен Тұрғын үй құрылыс банкіне төлем қабілеттілігін бағалауға жолдамалар берілетін болады. Бағдарламаға қатысушылар жолдаманы алған күннен бастап, 20 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде тұрғын үй басқармасына Тұрғын үй құрылыс банкі берген төлем қабілеттілігін бағалау туралы хабарламаны ұсынуға тиіс.
2014 жылы бағдарламаға қатысқан 5 078 жас отбасы - Астана қаласында кемінде екі жыл некеде тұрған және ерлі-зайыптылардың екеуі де 29 жасқа толмаған жас отбасы, сондай-ақ балаларын 29 жасқа толмаған, оның ішінде ажырасқан, жесір ата-ананың біреуі тәрбиелейтін толық емес отбасылар.