14 қазан 2019 15:09

Биыл ауа райының қолайсыздығына байланысты астық кем жиналды - Мамин

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында астық жинау науқанының қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында астық жинау науқанының қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ҚР ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мұндағы жағдай туралы баяндап берді. Қазіргі таңда жалпы 15,2 млн гектар дәнді-дақыл алқабының 15,1 миллион гектар жиналды, бұл - 99,2 пайыз. Орташа өнім алу 12,6 ц/гектар болғанда, 19,1 миллион тонна астық бастырылды.

Реклама
Реклама

"Биыл ауа райының жайсыз болуына байланысты біз өткен жылмен салыстырғанда бункерлік салмағында 2 млн тоннаға кем астық жинадық. Ауыл шаруашылығы министрлігіне нанға бағаны тұрақтандыру үшін Азық-түлік келісімшарт корпорациясымен астықты уақытылы сатып алуды қамтамасыз етуді тапсырамын", - деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы Қазақстандағы ауа райының ерекшеліктерін ескере отырып, жиналған астықты сақтап қалу үшін барлық шараны қолға алу, нан қабылдау кәсіпорындары астықты сақтауды, сондай-ақ ылғал астықты өңдеу мен кептіруді уақытылы қабылдауды қамтамасыз етуі қажеттігін атап өтті. 

Премьер-министр ауыл шаруашылығы құрылымдарының келесі жылға жиын-терім тұқымдарына қажеттілігін және олардың сапасын тексеруді қамтамасыз етуді, жаңа жиын-терім астығын экспорттау бойынша дайындық жұмыстары аясында логистика мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауды, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғарғы ылғалдылығын ескерумен биылғы қазан-қараша айларында астық пен тұқымды кептіруді жүргізу үшін облыстарға дизельді отынның қосымша көлемін бөлу мәселесін қарастыруды тапсырды. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram