Биыл елордалық мектептерде соңғы қоңырау онлайн өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл елордалық мектептерде соңғы қоңырау онлайн өтеді

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты елордалық мектептерде соңғы қоңырау шарасы онлайн өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты елордалық мектептерде соңғы қоңырау шарасы онлайн өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасына сілтеме жасап. 

"25 мамырда 1-10 сынаптарда онлайн-соңғы қоңырау шарасы, 3 маусымда мектеп бітіруші түлектерге аттестат табыстау рәсімі бұдан бұрын да хабарлағанымыздай мектеп ауласында өткізіледі. Ал балабақшалар қазіргідей "кезекші топ" режимінде жұмысын жалғастырады", - дейді Нұр-Сұлтан қаласы білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова.

25 мамыр сағат 11.00-де телеарналар арқылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түлектерді құттықтайды. Сонымен қатар, сол күні барлық мектептерде мүмкіндігінше ата-аналардың, қамқорлық кеңес мүшелерінің, бизнес өкілдерінің, мектепті үздік бітірген бұрынғы түлектердің қатысуымен 1-10 сыныптарға арналған онлайн-соңғы қоңырау өткізіледі. Аталған шара еркін кесте бойынша өтеді.

Биыл мектеп бітіру іс-шарасы ҚР Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулығы бойынша "Birgemiz: ТҮЛЕК-2020" ұранымен өтеді. 3 маусымда барлық мектепте 11 сынып түлектері үшін аттестаттар мен "Алтын белгіні" тапсыру рәсімі өткізіледі.

Іс-шара мектеп аумағында, ашық аспан астында ұйымдастырылады. Мектеп бітірушілердің мектеп формасымен қатысуы қатаң түрде ескертіледі. Салтанатты рәсімнен кейін "Түлектер аллеясында" ағаш отырғызу жоспарлануда. Бітіру іс-шараларын өткізу күндері мектеп әкімшілігіне құқық бұзушылыққа жол бермеу, санитарлық және эпидемияға қарсы режимді қатаң сақтау шаралары жүктелген.

18 мамырдан бастап меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, өз жұмыстарын бірінші кезекте баланы үйде қалдыруға мүмкіндігі жоқ, жұмыс істейтін ата-аналар үшін, ата-аналардың қалауы бойынша "кезекші топтар" режимінде қайта бастады.

Айта кетейік, елордада жалпы контингенті - 55 708 бала, түрлі типтегі 377 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Оның ішінде: мемлекеттік - 94, жекеменшік - 237, олардың 214-де мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылған, 43 шағын орталық, 3 ведомстволық мекеме бар. Орта білім беру ұйымдарының мектепалды топтарында 3 485 бала оқиды.

1 маусымнан бастап балабақшалардың жұмысы "кезекші топ" режимінде жалғасады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети