15 тамыз 2017 | 10:25

Биыл жол жөндеу жұмыстарына қанша ақша жұмсалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© yvision.kz © yvision.kz

Биыл 2,4 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жұмыс көлемінің 63 пайызға өскенін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom сарапшыларына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл 2,4 мың шақырым жолға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда жұмыс көлемінің 63 пайызға өскенін көрсетеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Energyprom сарапшыларына сілтеме жасап.

Мамандардың айтуынша, биыл жол жөндеу жұмыстарына 160,7 миллиард теңге жұмсалады.

"Жол жөндеу жұмыстарына және көліктерге техникалық қызмет көрсету 2,5-3,4 есеге өсті. Биыл мемлекеттік сектор республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға орта және күрделі жөндеу жұмыстарын өткізуді жоспарлап отыр. Бұл дегеніміз жұмыс көлемі былтырмен салыстырғанда 63 пайызға көп болады", - деді сарапшылар.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, республикалық маңызы бар жолдарды жөндеуге және көгалдандыруға қосымша 73,4 миллиард теңге бөлінеді. Бұл былтырғы көрсеткішпен салыстырғанда 55 пайызға көп екен.

"Ал облыстық және аудандық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, сондай-ақ, жол қозғалысындағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында 71,1 миллиард теңге бөлінеді", - деді мамандар.

2017 жылдың 1 қаңтарында жағдайға сәйкес, республикалық маңызы бар автожолдардың 44 пайызының жағдайы жақсы, 41 пайызының жағдайы қанағаттанарлық, ал 15 пайызының жағдайы нашар.

Сарапшылардың мәліметінше, Қызылорда облысында жолдардың 72 пайызы, ал Атырау мен Алматы облысында жолдардың 32 және 31,8 пайызының жағдайы жақсы. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети